Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды
Сурет: Zakon.kz
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 24 қарашада Құрылтай отырысында Қазақстанның Азаматтық кодексін не себепті қайта қарау қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, қолданыстағы Азаматтық кодексті жаңартып, жүйелеу қажет.
"Үй сатып алу, өз ісін ашу, цифрлық платформа арқылы қызмет алу, мүлікті мұраға қалдыру – осындай күнделікті шешімдердің барлығы азаматтық құқық нормаларына сүйенеді. Бұл нормалардың қаншалықты түсінікті әрі өзара үйлесімді жазылғанына адамның өз құқықтарына деген сенімі байланысты", – деді министр Азаматтық кодекстің жаңа жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында.
Сонымен қатар министр сабақтастық қағидаты сақталатынын атап өтті. Атап айтқанда, қолданыстағы кодекстің тиімділігін дәлелдеген және азаматтық айналымға қатысушыларға түсінікті ережелері өзгеріссіз қалуы мүмкін. Ал соңғы 30 жылда кодекске енгізілген 300-ден астам түзетуді жүйелеп, қайта бағалау қажет.
"Конституция адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары деп таниды. Бұл болашақтағы әрбір норманы оның адам үшін маңызы және көзделген құқықтық қорғауды іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан бағалауымыз керек дегенді білдіреді", – деп толықтырды Әділет министрлігінің басшысы.
Жаңа кодекстегі негізгі бағыттардың бірі мүлікке қатысты құқықтардың бірыңғай әрі өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру болмақ. Бұл меншік құқығын ғана емес, өзгенің мүлкін заңды түрде пайдалану мүмкіндіктерін де қамтиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript