Жыл қорытындысы: Үкімет білім саласын дамытуда қандай жұмыстар атқарды

Оқу-ағарту министрлігі, ҚР үкіметі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, білім, ғылым Сурет: primeminister.kz
Қазақстан үкіметі білім беру саласындағы 2023 жылдың қорытындысын шығарып, мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі тапсырмалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады.

Білім саласындағы бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер:

Жүйе аясында балаға арнайы шот ашылып, оған мемлекет 60 АЕК (5 жастағы балаларға) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын салады. Онда ата-аналардың ерікті жарналары, 5%-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қаражаты жиналатын болады. Айына 1 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна салынатын болса, бала 18 жасқа толғанша 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналады. Ата-аналардың ерікті жарналары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін жетсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинау мүмкін болады.


Халықаралық академиялық рейтингтерге қатысуды кеңейту есебінен қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігінде танылу деңгейі артты. Мәселен, QS WUR 2023 рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді, көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр. Сондай-ақ Times Higher Education рейтингінде ҚР жоғары оқу орындарының белсенділігі артып келеді.

Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады