Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

 Маркетплейс, Google, Apple, Netflix, Қазақстан, салық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 20:53 Сурет: freepik
ҚР Қаржы министрлігі "Google салығы" енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялар Қазақстанға қанша салық төлегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік интернет-компанияларға (Google салығы) салық салудың жаңа қағидалары 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

"Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. 3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге". Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.

Бұған дейін әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндетті болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: