Қазақстанда блогерлер бір жылда қанша салық төледі

Қазақстанда блогерлер қанша салық төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 18:02 Сурет: pexels
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер бар екенін және олар қанша салық төлеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.

"Елде 400-ден астам блогер тіркелген. Блогерлер 2023 жылы 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлейді, төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4 пайызға дейін", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр сонымен қатар блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, салық төлемейтінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: