Хаяо Миядзаки Азиядағы Нобель сыйлығына баланатын марапатқа ие болды

Аниматор Хаяо Миядзаки Азия елдеріндегі Нобель сыйлығына баланатын Рамон Магсайсай сыйлығының иегері атанды. Бұл мәліметті аталған қор басшылығы нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйлықты тағайындаушы қор құрылтайшылары Миядзаки жас аудиторияға ұсынған шығармалары желісін жеңілдетуге тырыспайтынын, бірақ соған қарамастан ол өзекті әрі сұранысы жоғары болып табылатынын атап өтті, деп жазады ТАСС.

"Жас аудиторияға құрмет көрсете отырып, Миядзаки өз шығармалар желісі мен оқиғаларды жеңілдетіп, оңтайландыруға тырыспайды. Ол өте күрделі тақырыптарды да қаузайды: қоршаған ортаны қорғаудан бастап, бейбітшілікке ұмтылу немесе әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен рөлін қорғау сынды", делінген қордың түсіндірмесінде.

Миядзаки көптеген анимациялық картиналардың авторы, оның ішінде ерекше көзге түскендері: "Менің көршім Тоторо" (1988), "Ханшайым Мононоке" (1997), "Елестерге ергендер" (2001), "Жанды сарай" (2004), "Жартастағы Поньо атты балық" (2008) және "Бала мен құс" (2023).

Миядзакиден бөлек, Вьетнам соғысы кезінде америкалық әскерилердің қолданған улы химикаттар салдарын зерттеген вьетнамдық дәрігер Нгуен Тхи Нгок Фыонг, Бутандық білім беру қайырымдылық қорының негізін қалаушы, индонезиялық эко-белсенді, сондай-ақ Таиландтың ауыл дәрігерлері қозғалысы аталған сыйлықтың лауреаттары аттанды.

Нобель сыйлығының азиялық баламасы алғаш рет 1957 жылы тағайындалды. Ол сол жылы ұшақ апатынан қайтыс болған Филиппин президенті Рамон Магсайсайдың есімімен аталады. Содан бері ол Азиядағы 300-ден астам адамға, бірлестіктер мен ұйымдарға берілді, бұл рәсім жыл сайын өткізіледі.

Миядзакидің соңғы фильмі "Бала мен тырна" фильмі 2023 жылдың соңында экранға шықты. Автор бұл туындысына алты жылын арнады. АҚШ пен Канадада көрсетілген бұл фильм алғашқы демалыс күндері рекордтық көрсеткішке ие болып, 12,8 миллион доллар жинады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: