2026 жылғы Жердегі алғашқы магниттік дауыл 3 қаңтарда түнде болатыны болжанады

Сурет: pixabay
Жаңа жыл қарсаңында Күнде жарылыс тіркелді, ол алдағы тәуліктерде 2026 жылдың алғашқы магниттік дауылын тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астрономдардың айтуынша, М7.1 деңгейіндегі Күндегі жарылыс 31 желтоқсанда болған.

"Жарылыс кезінде бөлінген ішінара масса шығарындылары Жерге қарай бағытталып, соның салдарынан, есептеулерге сүйенсек, 2-3 қаңтарға қараған түні жылдың алғашқы магниттік дауылына түрткі болады. Дауыл деңгейі G2-ге дейінгі деңгейде болжанады (орташа). G3 және одан жоғары қатты дауылдың ықтималдығы - шамамен 30 % ", - деп хабарлады Күн астрономиясы зертханасы (XRAS).

Сондай-ақ, ғылыми мекеме жаңа жылдық мереке күндеріне арналған жаһандық геомагниттік болжам позитивті екенін еске салды:

"Алдағы күндерді қоспағанда, айдың бірінші жартысы, негізінен жасыл және сирек сары түстермен боялған. Оны тек Күндегі жаңа күшті жарылыстар ғана өзгерте алады".

Бұған дейін ЗІ/ATLAS кометасы Жерге жақындаған сайын өзгеріске ұшырап жатқаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін