ЗІ/ATLAS кометасы Жерге жақындаған сайын өзгеріске ұшырауда

ЗІ/ATLAS, комета, жарық, ғалымдар, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 20:50 Сурет: pixabay
Ғалымдар "бөтенғаламшарлықтардың кемесі" немесе "комета кеме" деп аталатын 3І/ATLAS нысаны Жерге жақындаған сайын өзгеріске ұшырайтынын байқады. Бақылау барысында ғалымдар оның жарығы кенеттен төмендегенін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алты күн ішінде 3І/ATLAS жұлдызаралық объектісінің жарығы үштен бірінен астамға азайды, деп жазады Telegram каналындағы РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының ғалымдары.

"Ғалымдардың пайымдауынша, жарықтың төмендеуі комета мен Күн арасындағы қашықтықтың ұлғаюына байланысты болуы мүмкін, ондайда одан аз жарық шағылысады. Осыған қарамастан, 3І/ ATLAS қазіргі уақытта телескоптармен бақылау үшін қолжетімді 100-ге жуық кометалар арасында жарықтығы бойынша төртінші орында тұр", делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, 3І/ATLAS кометасы соңғы бірнеше күнде жарығы азайған, дегенмен ол Жерге тез жақындап келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: