3І/ATLAS: Манхэттеннің көлеміндей жұлдызаралық нысан тағы да кадрға ілінді
Сурет: pixabay
Құйрықты жұлдыз аппараттан шамамен 29 миллион шақырым қашықтықта болған кезде кадрға ілінген. Ақ-қара суреттерден алыстағы жұлдыздардың аясында кетіп бара жатқан кішкентай ядро мен диаметрі бірнеше мың шақырым болатын шаңды көруге болады, деп жазады "Наука".
3I / ATLAS Күнмен байланысты емес гиперболалық траектория бойынша қозғалып, басқа жұлдыздар жүйесінде қалыптасқан. Нысанның жылдамдығы 58 км/с-қа жетеді, сондықтан оны Марс орбитасынан бақылау жұмысы шамалы қиындыққа тап келген.
"Тяньвэнь‑1 жүйесі алғаш рет әдеттегі камера алатын нысандардан 10 мың есе кіші әрі әрең көрінетін, алыс қашықтағы және жылдам қозғалатын нысанды түсіруге пайдаланылған", – дейді қытай ғарыш агенттігі.
Сонымен қолға түскен материал 3І/ ATLAS шаң-тозаңында көмірқышқыл газы барын көрсетті, бұл - біздің жүйеміздегі белгілі кометалар арасында сирек кездесетін құбылыс. Бұл жаңалық басқа жұлдыз жүйелеріндегі денелердің пайда болуының алғашқы кезеңдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Комета миллиардтаған жылдар бұрынғы процестердің табын сақтай отырып, "уақыт капсуласы" ретінде әрекет етеді.
Басқа ғарыш аппараттарымен, соның ішінде Марс орбиталық станциялары және марста жүретін аппараттармен бірлесе жүргізілген зерттеу оның қозғалысы мен құрылымы туралы толық түсінік бере алады.
Басқа жұлдызаралық объектілермен салыстыру
Алғашқы белгілі жұлдызаралық объект Оумуамуа - ұзартылған пішінге ие және әдеттен тыс жылдам айналады, бұл оның шығу тегіне қатысты пікірталас тудырды. 2І/ Борисов - жарық құйрықты құрылымы бар классикалық комета. Ал 3I/ ATLAS шағын енді (5,6 км), жылдамдығы жоғары және көмірқышқыл газын қоса алғанда, ерекше құрамы бар, осынысымен де танымал жұлдызаралық қонақтар арасында ерекше.
3І/ATLAS кометасы 2025 жылдың 1 шілдесінде көзге түсті. Джеймс Уэбб телескопының мәліметтері бойынша, оның массасы 33 миллиард тоннаға жетуі мүмкін, яғни ол бұрын тіркелген жұлдызаралық денелерден кемінде мың есе үлкен екенін білдіреді. Алдын ала бағам бойынша, кометаның диаметрі шамамен - 5,6 км, яғни бір Манхэттеннің көлеміндей.
Ежелгі кометаның алғашқы суреттері жазда пайда болды. Ғалымдар бұған дейін 3І/ATLAS бөтен ғаламшалықтардың ғарыш кемесі болуы мүмкін деп болжаған. Ғалымдарды мұндай ойға жұлдызаралық кометаның ерекше қасиеттері жетелеген. Бірақ бұл нысан туралы тағы бір нұсқа бар.
Қараша айында 3І/ ATLAS Бикеш шоқжұлдызына келеді деп күтіледі. Жерден арадағы ең аз қашықтық – шамамен 267 миллион шақырым болмақ, бұл 19 желтоқсанға сай келеді.