Ғалымдар Жерге бағытталып келе жатқан 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының сигналын қабылдады

Ғалымдар Жерге бағытталып келе жатқан 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының сигналын қабылдады , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 10:35 Сурет: freepik
Астрономдар 3I/ATLAS деп аталатын ғарыш кометасынан алғаш радиосигнал қабылдады. Бұл нысан біртіндеп Жерге жақындап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astronomy & Astrophysics порталының мәліметінше, сигнал 24 қазанда Оңтүстік Африкада орналасқан MeerKAT радиотелескопы арқылы тіркелген. Бұған дейін дәл осы жиіліктерде сигнал алу әрекеттері сәтсіз болған еді.

Гарвард университетінің ғалымы Ави Лебтің айтуынша, 2026 жылдың 16 наурызында, 3I/ATLAS Юпитер маңынан өткен кезде, "Юнона" ғарыш аппараты бұл нысаннан төмен жиіліктегі сигналды ұстауға тырысады.

3I/ATLAS нысаны алғаш рет 1 шілдеде байқалған. Кейін ғалымдар оның басқа жұлдыз жүйесінен келген комета екенін анықтады. Сондай-ақ, оның шамамен 7,5 миллиард жылдық тарихы бар екені белгілі болды — бұл Күннің жасынан 3 миллиард жылға үлкен.

Қыркүйек айында 3I/ATLAS "белгісіз эволюцияға" ұшырап, түсін өзгертуді бастаған.

Бұған дейін соңғы айларда жұртты дүрліктірген дәл осы 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының суретін жариялаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: