Ғалымдар пластиктен печенье ойлап тапты

Сурет: Rusty Bailey/SIUC Media & Communication Resources
Оңтүстік Иллинойс университетінің ғалымдары қайта өңделген пластиктен печенье жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, ерекше әзірлеме NASA тарапынан қаржыландырылып отыр және бұл өнімдер ең алдымен болашақтағы ұзақ мерзімді ғарыш миссияларына арналған.

"Зерттеушілер пластик бөтелкелер жасауға қолданылатын материалды пайдаланады. Оны көміртекке бай молекулаларға дейін өңдейді, содан кейін арнайы түрлендірілген ашытқылардың көмегімен ақуыздарға, майларға және басқа да қоректік заттарға айналдырады. Алынған қоспадан 3D-принтер арқылы печенье жасалады", – делінген жарияланымда.

Сурет: Rusty Bailey/SIUC Media & Communication Resources

Әзірге ғалымдардың өздері бұл печеньенің дәмін татып көрмеген. Себебі оны сынап көру үшін арнайы рұқсат қажет екен. Дегенмен, зерттеушілердің айтуынша, печенье хош иісі бойынша жоғары бағаланған.

"Қазір оны өндірудің құны киллограмына шамамен 60 долларды құрайды, алайда болашақта өндіріс құнын төмендету жоспарланып отыр", – деді ғалымдар.

Бұл технология тек ғарышта ғана емес, басқа салаларда да пайдалы болуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, мұндай тағам өндіру тәсілі:

"Болашақта бұл технология бірден екі жаһандық мәселені – пластик қалдықтарын қайта өңдеу және азық-түлік тапшылығын шешуге көмектесуі мүмкін", – деп мәлімдеді ғалымдар.

Айта кетейік, 2026 жылғы 10 қазаннан бастап Токиода сушиге шектеусіз тапсырыс беруге болатын екі қабатты автобус іске қосылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін