Ай шын мәнінде қай елдерге тиесілі екені белгілі болды

Сурет: pexels
1967 жылы ғарыш саласындағы жетекші державалар Ғарыш кеңістігі туралы шартқа қол қойды. Сол кезде 100-ден астам мемлекет Ай ешкімге тиесілі емес деген келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New York Times басылымының жазуынша, қазір бұл мәселе қайтадан талқыланып жатыр.

Компаниялар мен мемлекеттер Айда өз базаларын, деректерді өңдеу орталықтарын салу, тіпті ауыр өнеркәсіпті Жердің табиғи серігіне көшіру туралы жоспарларын жариялап жүр.

АҚШ Айдың оңтүстік полюсіне жақын аумақта гелий мен басқа да ресурстарды игеруге қызығушылық танытып отыр. Ал Қытай Ресеймен серіктесе отырып, осы аймақта өз базасын салуды жоспарлап отыр.

1960-жылдары қабылданған Ғарыш кеңістігі туралы шартта мемлекеттер ғарыш кеңістігін "пайдалану немесе басып алу арқылы" өз меншігіне айналдыра алмайтыны белгіленген. Сонымен қатар ғарышты игеру барлық елдің игілігіне қызмет етуі керек. Құжатта ғарышқа ядролық қару орналастыруға да тыйым салынған.

Алайда ғарыш туралы халықаралық шарттың болғанына қарамастан, бірқатар сұрақ әлі де жауапсыз қалып отыр:

Бұл сұрақтарға жауап беруге бағытталған талпыныстар әзірге нәтиже бермеді.

1970-жылдары Ай туралы келісім қабылданып, Жердің табиғи серігінің ресурстары бүкіл адамзаттың ортақ мұрасы деп жарияланды. Алайда бұл құжатқа небәрі 17 мемлекет қосылды. АҚШ, Кеңес Одағы және Қытай оған қол қойған жоқ.

Осы уақытта NASA Айға ядролық реактор орналастыру жоспарын жүзеге асыруды жеделдетті.

Агенттік бұл шешімін Қытай мен Ресей реакторды бірінші болып салса, Айда тыйым салынған аймақ жариялап, америкалық астронавтар мен олардың ай роводтарының кіруін шектеуі мүмкін екенімен түсіндірді.

Мұндай жағдай Ғарыш кеңістігі туралы шартқа қайшы келер еді. Өйткені оның бірінші бабында барлық тараптың ғарышқа еркін қол жеткізу құқығына кепілдік берілген.

Алдағы бірнеше айда БҰҰ-ның жұмыс тобы ғарышты игеруге қатысты бірқатар мәселені реттейтін қағидаттарды түпкілікті бекітуі керек. Авторлардың айтуынша, қазіргі уақытта Айды зерттеуге және игеруге жеткілікті ресурстары мен технологиялары бар бірнеше мемлекет бар.

Қолданыстағы халықаралық шартта әлі де құқықтық олқылықтар жеткілікті. Соның салдарынан қандай да бір мемлекет Айға ядролық реактор орнатуы немесе кәсіпкер пайдалы қазбаларды өндіруді бастауы мүмкін.

"Егер Айда барлық жұмысты Қытай мен АҚШ қана атқаратын болса, онда олар іс жүзінде өзара келісіп, ережелерді өздері белгілей алады", – дейді зерттеушілер.

Бұған дейін астрономия саласында Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың іздері табылғаны туралы жазған едік.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін