Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тағы да растады

Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі Сурет: pixabay
Елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті. Standard&Poor's деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты», делінген Үкімет басшысының сайтында.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар — ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте елдің өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына айтарлықтай оң әсер етеді.

Агенттік ҚР Үкіметімен бірлескен талқылаулардан кейін, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдарын еңсеруге болатынын айтты.

Сонымен бірге, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша және Қазақстанның экспорттық мұнай жеткізілімінің айтарлықтай үзілісіне алып келмейді. 

Жалпы, S&P елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары, мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті екенін атап өтеді.

Standard&Poor's деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр