Қазақстанда кафе мен мейрамханаға бару қымбаттады

Сурет: unsplash
Сарапшылар қоғамдық тамақтану қызметтері айына 4%-ға және жылына бірден 14%-ға қымбаттағанын мәлімдеді. Дегенмен ТМД елдерінің арасында Қазақстандағы көрсеткіш ең нашары емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кафе мен мейрамханаға бару өңірлер арасында Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір айда 12,1%-ға көтерілген.

Көшбасшы үштікке Нұр-Cұлтан мен Жамбыл облысы да кірді. Еліміздегі 17 облыстың ішінде тек Алматыда, сонымен қатар Алматы және Павлодар облыстарында баға өзгерген жоқ, – делінген Finprom.kz хабарламаcында.
Жыл сайынғы динамика бойынша бағаның ең күшті өсуін елорда тұрғындары (бірден 36,7%), сонымен бірге Түркістан (29%) және Ақмола (22,3%) облыстарының тұрғындары сезінді. Ең аз жылдық баға өсімі Алматыда тіркелді, жылына 3,8%-ға.

Бір айда мейрамханадағы түскі ас 0,2%-ға, фаст-фуд 0,9%-ға, асханадағы түскі ас 5,7%-ға өсті. Жылдық динамика бойынша фастфуд 11,4%-ға, мейрамханадағы түскі ас 12,6%-ға, асханадағы түскі ас 15,7%-ға қымбаттады.

Басылым ТМД елдері арасында салыстырмалы түрде арзан мейрамханалар мен фастфуд дүкендеріне бару Ресей тұрғындары үшін ең қымбаты екенін мәлімдеді.

Биыл төртінші тоқсанда әр қазақстандық сыртта тамақтануға орта есеппен 2,7 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 36%-ға артық. Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде сыртта тамақтану құны жан басына шаққанда 2 мың теңге болды, жылына минус 31,9%.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды