Елімізде неке сақиналары қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Сарапшылардың баяндамасында неке сақиналары Қазақстанда бір жылда 38% қымбаттағаны көрсетілген. Ал некеге тұру саны 7% қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың пікірінше, зергерлік бұйымдардың бағасы 2022 жылы айтарлықтай өсті.

"2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналары 2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда бірден 37,6% қымбаттады. Бір жыл бұрын бұл сектордағы баға 5% қымбаттады", - деп жазды Energyprom.kz.

Тұрғындар үшін ең қымбат алтын бұйымдар:

Солтүстік Қазақстан облысы: мұнда алтын сақиналар бір жылда бірден 71,6% қымбаттады;

Бағаның ең аз өсуі Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалды.

Сонымен қатар сарапшылар 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 98,3 мың неке тіркелгенін, бұл кейінгі жылдардағы ең төмен көрсеткіш екенін хабарлады.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некеге тұрғандар саны 6,7% аз.

Қалада некеге тұрғандар саны 10,7% азайып, 66,4 мың болса, ауылдық жерлерде керісінше 2,9% өсіп, 31,8 мыңға жеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс