Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылы 10 ақпаннан бастап астық пен
дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде тауарларға
ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі –ТІЖ) рәсімдеу міндеттелгенін еске салады. Бұл ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы
министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығында көрсетілген.
Тасмалдаушы ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғыстан және Армения) астықты импорттау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне ТІЖ ұсынуы қажет.
Электрондық шот - фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүк иесі ТІЖ-нің электронды түрде толтырылады. ЭШФ АЖ жүйесіне тіркелу мен жұмыс жасау тегін.
"ТІЖ-ның болуы, жүк құжаттарды тексеру процедурасын едәуір жеңілдетеді және ЕАЭО елдерімен шекарадан өту уақыты қысқартылатынын назарларыңызға жеткіземіз. ТІЖ-дағы мәліметтер жүк құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс, нақты тасмалданған жүк бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл қарастырылған (20 ден 100 дейін АЕК, ҚР ӘҚБтК – нің 283-1 бабы)". Мемлекеттік кірістер комитеті
ТІЖ-ны толтыру тәртібімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://youtu.be/VUq9to_MKCs, https://youtu.be/7ZE1sJL7Wc0.