Қазан айында зейнетақы 65 теңгеге көбейді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті. Бір ай бұрын зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңге болған еді.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312  мың адам.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін