22 қарашадағы саудада доллар бағамы төмендей түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,17 теңгеге төмендеп, 456,83 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,97 теңге (-0,39) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 502,33 теңге, рубльді 5,22 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,7-460,9 теңгеге, еуро 498-501 теңгеге, ресей рублі 5,13-5,27 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 22 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent макралы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,07%-ға өсіп, барреліне 82,51 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,09%-ға өсіп, 77,84 доллар болды.
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді