Батыс Қазақстан облысында шенеунік 12 миллион теңгеден астам ақша жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының прокурорлары ірі көлемде бюджет қаражатының ұрлануын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокурорлар БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейін өзінің шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.  


"Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды", - делінген Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады