6 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар тағы 4 теңгеге арзандады

Доллар, доллары и тенге, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют, обмен валюты , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 16:36 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 6 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,14 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта тағы 4,02 теңгеге арзандады.

Ресей рублінің бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 5,46 теңге болды.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 0,68 теңгеге арзандап, 67,17 теңгені құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,5–449,4 теңгеден, еуро 499–504,1 теңгеден, рубль 5,21–5,33 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

6 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, ICE Futures электрондық сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 0,57%-ға арзандап, барреліне 97,73 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық сауда алаңында WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері 0,61%-ға төмендеп, барреліне 89,97 долларды құрады.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 451,87 теңге, еуроны 507,31 теңге, рубльді 5,53 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

6 қараша күні түске дейін Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: