Қазақстанда 2027 жылға қарай зейнетақылар мен жәрдемақылар қалай өзгереді

Қазақстан Республикасының 2025–2027 жылдарға арналған жоба бюджетінде халықтың осал топтарын қолдауға, зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге бағытталған "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобы бойынша елеулі шығындар қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Economy.kz порталының жазуынша, халықты әлеуметтік қорғау — Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі.

2025–2027 жылдарға арналған әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар келесі көлемде жоспарланған:

Сарапшының айтуынша, әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың ұлғаюы мемлекеттің көмекке мұқтаж адамдарды қолдау жөніндегі күш-жігерін көрсетеді. Бұл қаражат әлеуметтік қорғау бағдарламаларын, соның ішінде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар, міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыруға бағытталады.

Шығындардың негізгі бағыттарының бірі зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету болып табылады, бұл қарт адамдарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың көрінісі.

2025–2027 жылдар аралығында зейнетақының орташа мөлшері біртіндеп ұлғайтылады:

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылады. 2027 жылға қарай ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 70%-на, ал ең жоғарысы 120%-на дейін жеткізіледі.

Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшері ұлғайтылады:

Зейнетақының бұл өсуі қарт адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге, оларға лайықты қартаюды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал, мемлекеттік жәрдемақылар келесі санаттағы азаматтарға төленеді:

"2025–2027 жылдарға арналған Қазақстандағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығындары мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға ұмтылысын көрсетеді. Зейнетақылар мен жәрдемақылардың біртіндеп өсуі, балалармен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды және басқа да санаттарды қолдау шаралары әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл шаралардың сәтті жүзеге асырылуы үшін тиімді басқару, қаражатты дұрыс пайдалану және әлеуметтік саясатты жетілдіру қажет".Economy.kz порталының сарапшысы, Лина Егельқызы

Бұған дейін Қаржы министрлігі триллиондаған бюджет қаражаты қайда жұмсалатындығын айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: