Путиннің мәлімдемесі әлемдік нарыққа қалай әсер етті
Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің күшеюі бірінші болып мұнай мен бағалы металдардың бағасына әсер етті. Путиннің Днепр қаласына ядролық қарусыз гиперсоникалық жабдықта баллистикалық зымыранмен шабуыл жасағаны туралы мәлімдемесінен кейін 12 сағат ішінде баға күрт көтерілді.
Мәселен, Астана уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша кешегі кештен бастап Brent (+0,18%), WTI (+0,24%), алтын (+0,46%), күміс (+0,09), платина (+0,09%) Палладий (+0,53) фьючерстерінің бағалары өсті және табиғи газдың құны 0,83%-ға өсті.
Сурет: investing
Одан сәл ерте Ресей өзінің ядролық доктринасын жаңартты және Украинаның қарулы күштері Батыстың зымырандарын пайдаланып Ресейге алғашқы соққы жасады деген хабарламалардан кейін — көптеген инвестициялық индекстер құлдырай бастады. Bloomberg агенттігі жазғандай, акциялар құлдырап, Украинадағы қақтығыстың соңғы өршуіне байланысты әлемдік облигациялар өсті.
Атап айтқанда, S&P 500 фьючерстері 0,3%-ға төмендеді, ал АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық кірістілігі төрт базистік тармаққа 4,37%-ға дейін төмендеді. Бұл оқиғалар Еуропа нарығына тіптен әсер етті: неміс облигацияларының кірісі қазан айынан бастап ең төмен деңгейді көрсетті. Ал трейдерлер баспана активтерін сатып алуға асықты: алтын, Швейцариялық франк, йен және сонымен бірге ештеңеге қарамастан өсіп келе жатқан биткоинге инвестиция салды (қазіргі уақыттағы тәуліктік диапазон-97.868, 9-99.289,3).
Бұған қоса, Ресей нарығындағы инвесторлардың жағдайы да ушықты. Кеше сауда-саттық қорытындысы бойынша Мосбиржа индексі 1,09%-ға 2568,60 пункт белгісіне дейін төмендеді, ал РТС долларлық индексі 1,54%-ға 803,70 пункт деңгейіне дейін әлсіреді.
Сурет: finam
РБК дерегінше, жағдай АҚШ-тың Ресейге қатысты кезекті санкциялар тобымен күрделене түсті.
Қара тізімге (SDN, Specially Designated Nationals List) 50-ден астам банк, оның ішінде жүйелік маңызы бар Газпромбанк, оның шетелдік "қыздары" және "Дом.РФ" Банкі кірді. Біріншісі атаулы бағалы қағаздар иелерінің тізілімдерін жүргізеді, ал екіншісі бағалы қағаздармен мәмілелерді есепке алуға жауап береді.
Бұған дейін Тоқаевтың Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма бергендігі хабарланған болатын.