Украинадағы жағдай: ядролық қауіп, Псакидің мәлімдемесі, дүниежүзілік наразылықтар
Саясат және экономика
Путин Қорғаныс министрлігіне ресейлік тежеу күштерін арнайы әскери кезекшілік режиміне көшіруді тапсырды.
Путиннің айтуынша, НАТО-ның жоғары лауазымды қызметкерлері Ресейге қарсы агрессиялық мәлімдемелерге жол беріп жатыр.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 28 ақпан күні таңертең Гомель облысының резиденциясында өтеді. Украина делегациясы бес адамнан тұрады. Олар қауіпсіздік үшін Польша арқылы баруды жөн көрді.
Владимир Зеленский Еуроодақ Украинаны қатарына қабылдау туралы шешім қабылдап, сол арқылы ұзақ мерзімді талқылауды аяқтау қажеттігін айтты.
Зеленский сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Джонсонға алдағы 24 сағат Украина үшін шешуші сәт болатынын айтты.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Солтүстік атлантикалық альянс Ресейге қауіп төндірмейтінін айтты. Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы жауынгерлік кезекшілік режимін енгізу туралы бұйрығын Ақ үй осылай қабылдады.
БҰҰ Украинадағы ядролық қақтығыс идеясының ақылға сыймайтынын айтты. Бұл туралы әлемдік ұйымның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ Бас ассамблеясының Украинаға қатысты төтенше сессиясын өткізуді сұрады, ол 24 сағат ішінде өтуі керек.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс G7 елдері Украинаға қорғаныс қаруын жеткізуді жалғастыруға келіскенін айтты.
Арнайы әскери операция басталғаннан бері әлемде мыңдаған наразылық акциялары өтті.
Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйнен Украина Еуропалық Одаққа кіруі керек деп мәлімдеді.
ФИФА Ресей құрамасын ту мен әнұраннан айырды. Футболдан Ресей құрамасы «РФС командасы» деген атпен жалаусыз және әнұрансыз өнер көрсетеді. Сонымен қатар Ресей аумағында халықаралық матчтар өтпейтін болды.
Еуроодақ кез келген ресейлік ұшақ үшін әуе кеңістігін толығымен жабады. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз конференциясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
Аустралия Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне санкция салып, елге кіруге тыйым салғанын хабарлады.
Доллар бағамы: доллар – 117,82 рубль, еуро – 132,88 рубль (Bloomberg мәліметтері).
Әскери іс-қимылдар
Украина Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) зымырандар Киевтегі радиоактивті қалдықтар полигонына тигенін хабарлады, радиоактивті заттардың таралу белгілері жоқ.
Купянск қаласының мэрі Геннадий Мацегора қала қазір ресейлік әскерилердің бақылауында екенін айтты: «Мен адам шығыны мен қаланың қирауына жол бермеу үшін келіссөздерге қатысуды ұйғардым».
Мариуполь тұрғындары Украина Қарулы күштері көпқабатты үйлердің төбесіндегі минометтердің атыс позицияларын жабдықтап жатқанын хабарлады.
Украина армиясы «Градовтан» Желобок елді мекеніне оқ жаудырды, деп хабарлады ЛХР.
Мариупольде Ұлттық ұлан мен Донецк облысының полициясы ресейлік снайперді ұстады.
Киевтің «Луч» конструкторлық бюросы Украина армиясына экспортқа шығарылуы тиіс болған барлық зымыранға қарсы заманауи кешендерді тапсырды.