Путиннің 2021 жылғы табысының декларациясы жарияланды
Бұл мәлімет Кремль сайтында жарияланған декларациядан алынды.
Бұл сома Ресей басшысы 2020 жылы жариялаған декларациядағы цифрмен салыстырғанда 9,99 миллион рубльге көп.
Путиннің декларациясында, бұрынғыдай, 77 шаршы метр пәтері мен гаражы, тағы 18 шаршы метрлік гаражымен қоса 153,7 шаршы метр пәтері тіркелген. Көліктерден екі ГАЗ М21 көліктері, "Нива" мен "Скиф" тіркемесі декларацияланған.
Соңғы жылдары Путиннің ең көп кірісі 2017 жылы тіркелген, ол кезде жер учаскесін сатыпты.
Сондай-ақ, президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2021 жылы табысын 1,5 млн рубль деп көрсеткен, ал оның әйелі Татьяна Навканың жылдық кірісі - 218,5 миллион рубль.
РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өткен жылы 8,35 миллион рубль табысқа кеңелген. Сонымен бірге, 2020 жылы ол 18,11 миллион рубль мөлшерінде кірісін жариялады.
Премьер-министр Михаил Мишустин 2021 жылы 18,3 миллион рубль тапты. Ресей Федерациясы үкіметі басшысының қолданысында 5 500 шаршы метр жер учаскесі, 861,2 шаршы метр тұрғын үйі және 141,6 шаршы метр пәтері бар. Премьер-министрдің меншігінде көлік жоқ.
Ресей Федерациясы президентінің кірісі мен мүлкі туралы ақпарат 2009 жылдан бастап жарияланып келеді.