Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 540,05 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді. Рубльдің бағамы 6,66 теңге болды (-0,04).
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,65 теңгені құрады (+0,11).
Валютаны айырбастау пункттерінде доллар 539,4–541,2 теңге, еуро 626,6–630,7 теңге, рубль 6,57–6,68 теңге шамасында сатып алынып/сатылуда.
4 қыркүйектегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы да төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,27%-ға төмендеп, барреліне 66,76 долларды құрады.
West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 1,39%-ға төмендеп, барреліне 63,09 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 540,18 теңге, еуро – 628,93 теңге, рубль – 6,68 теңге деңгейінде белгіледі.