5 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 537,91 теңгені құрап, 2,11 теңгеге төмендеді.

Рубльдің бағамы 6,61 теңгеге дейін (-0,04) төмендеді.

Қытай юанының орташа өлшенген бағамы таңертеңгі саудада 75,52 теңгені құрады (-0,13).

Валюта айырбастау пунктерінде доллар 538–540,5 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр. Еуро – 628–632 теңге, рубль – 6,51–6,63 теңге.

Әлемдік мұнай бағасы да 5 қыркүйектегі сауда-саттықта төмендеуде.

Атап айтқанда, ICE Futures биржасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 0,19%-ға төмендеп, барреліне $66,86 болды.

NYMEX тауар биржасында қазан айына арналған WTI мұнайының фьючерс бағасы 0,27%-ға төмендеп, барреліне $63,31 болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 540,05 теңге, еуро – 629,16 теңге, рубль – 6,65 теңге деңгейінде бекіткен болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз