Сауда үйлерінде жалдау құнын жылына бір реттен артық өсіруге шектеу қойылмақ

Сурет: primeminister.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте сауда үйлеріне жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұл норманың қашан күшіне енуі мүмкін екенін және кімдерге қатысты болатынын сұрады.

"Біз қазір шамамен 7 млн шаршы метр сауда алаңына әсер ететінін есептедік. Бұл норма жалдау ақысын негізсіз көтеруге, оны валюта бағамының өзгеруі сияқты түрлі себептермен байланыстыруға жол бермеуге бағытталған", – деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, аталған норма министрлік тарапынан дайындалған.

"Біз ірі сауда субъектілерімен жұмыс істеп, осы жаңа талаптың мәнін түсіндірдік. Бұл қадам сатушыларға, соның ішінде баға белгілеу кезінде де, әділ әрі ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін жақсы шара деп санаймыз", – деді министр.

Белгілі болғандай, қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдар мен Әділет министрлігінде келісу рәсімінен өтуде.

"Барлық келісу рәсімдері аяқталған соң, біз оларды жариялаймыз. Бұл өзгерістер биылдың өзінде қабылдануы мүмкін", – деп түсіндірді кейіннен Сауда министрлігінің өкілдері.

Бұған дейін министр Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін азық-түлік ваучерлерімен алмастыру жоспары туралы айтқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды