Temu, Valve мен Apple де Қазақстанның ірі салық төлеушілері атанды

Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендірудің ағымдағы нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа шаралар туралы қоғамды хабардар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда шетелдік интернет-платформаларға ҚҚС енгізілген сәттен бастап 116 компания шартты тіркеуден өтті. Бұл шара цифрлық экономиканың әлемдік ірі ойыншыларын салық өрісіне тартуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 18 жаңа шетелдік компания тіркелді, бұл салықтық әкімшілендірудің қамту ауқымының өскенін көрсетеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық енгізілген күннен бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне 111,6 млрд теңге төледі. Тек 2025 жылдың өзінде түсімдер 41,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (23 млрд теңге) салыстырғанда 18 млрд теңгеге көп.

2025 жылғы ірі салық төлеушілердің қатарына мыналар кірді: Temu – 6,2 млрд теңге, Valve Corporation – 5,3 млрд теңге, Apple – 5,2 млрд теңге.

Сондай-ақ Қазақстан бюджетіне салық төлей бастаған жаңа шетелдік интернет-компаниялардың ішінде ерекше атап өтуге болады:

Next Retail Ltd. – халықаралық онлайн-киім және аксессуарлар ритейлері, 283 млн теңге төледі,com – ең ірі сауда интернет-платформасы, 142 млн теңге төледі.

Салық тәртібін күшейту және адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шаралар енгізіледі.

Атап айтқанда:

"Аталған шараларды қабылдау әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға, бизнес жүргізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған", делінген хабарламада.

Бұған дейін тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте азық-түлік тауарларының ішінде пияз 15,6%, картоп 10,3%, қызылша 9,5%, қырыққабат 9,3%, сәбіз 9%, жүзім 6,6%, қызанақ 5,9%, лимон 5,3%, алма 4,8%-ға арзандағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Салыстырмалы Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды