Қазақстанда бір ай ішінде қандай азық-түлік түрлерінің бағасы арзандады
Сурет: freepik
Сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда мына тауарлар мен қызметтер құны арзандаған:
- әуе жолаушылар көлігі қызметтері 4,2%, шипажайлар 1% арзандады.
- жылдық мәнде күріш 8,2%, өрік 3,5%, жержаңғақ 2,2% арзандады
- азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде еденге қоятын кір кептіргіш 35,8%, тоңазытқыш 21,2% арзандады.
Дегенмен ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның қымбаттауы ас содасына (2,8%), кофе (2,6%), апельсин (2,5%), жарма өнімдері (1,5%), консервіленген жемістер (1,2%), дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға (1,1%) қатысты орын алды.
"Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қыркүйекте фотоаппарат бағасы 0,7% төмендесе, керісінше неке сақинасы 4,3%, қол сағаты 2%, цемент 1,4% қымбаттады. Киім-кешек пен аяқ киімге, тұрмыстық құралдарға, жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 1,1%, жеке пайдалануға арналған тауарларға 0,9%-ға өсті", делінген хабарламада.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 0,9%, шаштараз қызметтері – 0,7%, спорт залдар қызметі 0,3% өскен. Кепкен жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады. Ас үй құралдары, электродрель бағасының деңгейі 6,4%, электр шамы да 4,8%-ға өсті.
"2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда аяқ киім жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 9,4%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 6,9%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10,3%-ға, тренажер залдары 9,5%-ға қымбаттады. Жалпы, 2025 жылғы қыркүйекте айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады". ҚР Ұлттық статистика бюросы
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрағаны да нақтыланады.
Бұған дейін қазан айында қандай салықтар мен төлемдерді төлеу қажеттігін жазғанбыз.