Қаржы министрлігі әкімшілендіру ісін цифрландырып жатыр

Сурет: Қаржы министрлігі
2026 жылғы 26 ақпанда Астанада Қаржы министрлігінің алқалы жиыны өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында салық агенттерінің функцияларын маркетплейстерге, интернет-агрегаторларға және екінші деңгейлі банктерге беру көзделгені атап өтілді.

"Жеңілдетілген декларацияны автоматтандыру, СЕН алдын ала толтыру, салық төлеушілерге арналған ЖИ-сервистерін енгізу, сол секілді МКК дерекқорларын басқа ведомстволармен интеграциялау жоспарланған. Заңды тұлғаларға төлемдерді автоматты түрде жасау мүмкіндігі бар "Салық әмияны" тетігі жолға қойылады",- делінген ақпаратта.

2026 жылы "Цифрлы ҚҚС" жобасы (1С, ЭШФ, SDF, СӘИЖ) аясындае негізгі жүйелерді интеграциялау жалғасады. Жобаға ірі экспорттаушыларды қосып, мемлекеттік сатып алуда цифрлы теңгені пайдаланып, қанатқақты жобаны іске қосу межеленген.

Мемлекеттік кірістер органдары 42 қызмет көрсетіп келеді. Оның 39-ы (92%) электронды форматқа ауыстырылды. 13 қызмет толық автоматтандырылған, 37 қызмет eGov.kz порталында жолға қойылған. Бизнеске қолдау көрсетудің проактивті сервисіне көшу жалғасады.

Бұған дейін аржы министрлігі бизнеске қалай қолдау көрсетуде екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды