Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді аударым деректерін алды

Фото: Zakon.kz
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында мобильді аударымдарға қатысты тексеру жұмыстарының қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық банктер қазақстандықтардың мобильді аударымдары бойынша деректерді Қаржы министрлігіне ұсынған.

"Біз бұл ақпаратты алдық. Қазір деректерді өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Хабарламаларды тек мамыр айында жолдаймыз, себебі ақпаратты талдап, санаттарға бөлу қажет: ол жеке кәсіпкер ме, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ба, бейрезидент пе немесе басқа санат па – соны нақтылаймыз", – деді Ержан Біржанов.

Вице-министрдің айтуынша, талдау нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар дайындалады, ал күмәнді мобильді аударымдарға қатысты хабарламалар мамыр айында жіберіле бастайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді