Инфляция баяулауда: Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда не арзандады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы мамыр айында инфляцияның айлық деңгейі 0,7% құрады. Бұл туралы бүгін, 1 маусымда ҚР Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметтен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство деректеріне сүйенсек, азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%, ал ақылы қызметтер 1,1% өсті.

"Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы 25,4%, қызанақ 25,1%, тәтті бұрыш 8,3%, сарымсақ 3,1%, мандарин 2,6%, қызылша 2% төмендеді. Сондай-ақ күнбағыс майы мен консервіленген жүгері бағасы 0,4% арзандады". ҚР Ұлттық статистика бюросы

Сондай-ақ, бағаның өсуі байқалды:

Бұл ретте, азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында таба 4,8%, ыдыс жуғыш машина 3,3% , кітап бағасы 2,5%, смартфондар 1,5% төмендеді және бөлме өсімдіктері 0,6% арзандады. Ал фотоаппарат бағасы 7,4% артты, үтік 3,1%, шаруашылық сабын 2,7% және дәрі-дәрмектер 1,7% өсті. Балалар аттракциондары қызметтері 6,6%, көлік қызметтері 1,5%, автокөлік жуу қызметі 0,7% өсті.

Осылайша, бюро жылдық мәнде 2026 жылғы мамыр айында инфляция 10,4% құрағанын атап өтті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7% өсті, азық-түлік өнімдері 10,7%, ақылы қызметтер 8,7% артты.

"Жылдық есепте қияр бағасы 35,2%, пияз 25,1%, қызанақ 24,3%, картоп 7,5%, банан 4,9% , күріш 4,3% төмендеді. Ал алма 9,8%, мұздатылған балық 8,5%, қара шай 7,6% , макарон өнімдері 6,6%, қант 2,3% өсті. 2025 жылдың мамырымен салыстырғанда отандық жеңіл автокөліктердің бағасы 17,9% төмендеді, сондай-ақ азитромицин 6%, микротолқынды пеш 1,1% арзандады. Ал шаруашылық сабын 10,5%, ерлер шалбары 10,2%, кір жуғыш ұнтақ пен тұрмыстық техникалар бағасы 9,1% өсті. Көлік қызметтері 11,1%, қонақүй қызметтері 10,3%, білім беру қызметтері 8,9%, мобильді байланыс қызметтері 7,6% қымбаттады". ҚР Ұлттық статистика бюросы

Тұтыну бағаларының индексі инфляция деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және ай сайын есептеледі. Бақылау 537 тауар мен қызмет түрі бойынша жүргізіледі.

"Инфляция динамикасы бойынша деректер 2018 жылдан бастап қамтылған арнайы интерактивті дашбордта қолжетімді",- делінген ақпаратта.

Атап өтілгендей, 2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрайды.

Бұған дейін 2026 жылдың бес айында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан асып түскенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

Қазақстаннан бензин мен дизельді мыңдаған партиямен заңсыз шығаруға тырысқан: ҰҚК дерегі

Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала: балаларды қорғау күніне арналған соңғы деректер

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қаза тапқан жүргізушінің әпкесі сотта мәлімдеме жасады