Оның айтуынша, жақында жарияланған Қазақстандағы тұрғын үй нарығының күрт құлдырауы сценарийін кейінге шегерген екі маңызды жаңалық шықты.
"Біріншісі: ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға төмендету 2026 жылдың шілдесінен 2027 жылдың қаңтарына ауыстырылды. Оның үстіне тәсіл де өзгеруі мүмкін: шекті мөлшерлеме бастапқы жарна көлеміне байланысты болады. Базалық мөлшерлеме 17%-ға түскенін ескерсек, банктерде тәуекел мен маржа үшін әлі де запас бар. Сондықтан екінші нарықтағы ипотеканың күрт қысқару сценарийі, әзірге кейінге қалды. Екіншісі: Ұлттық банк 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуі тиіс қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізбеуі мүмкін. Сондықтан тұрғын үй нарығының құлдырауын күтпеймін. Бірақ қатты өсімді де күтпеймін, себебі халықтың нақты табысы төмендеп жатыр. Жеке өзім түзетуден кейін инфляциядан төмен өсім, яғни стагнация күтемін", деп жазды Сұлтан Елемесов Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 5 маусымда өткен брифинг барысында заемшы кірісіне қатысты борыш коэффициентінің шекті мәнін белгілеу жоспарына байланысты түсініктеме бере кеткен болатын.