Қазақстанда доллар бағамы өсуін жалғастырды

Фото: Zakon.kz
26 маусым күні сағат 15:30-дағы қорытынды бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі саудада АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 486,47 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,15 теңгеге жоғары.

Сауда қорытындысында Ресей рублі 0,13 теңгеге арзандап, 6,33 теңге болды. Ал Қытай юанінің бағамы 0,06 теңгеге төмендеп, 71,45 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 486,5–487,5 теңгеден, еуро 555,5–559,5 теңгеден, ал рубль 6,07–6,13 теңге аралығында сатылып жатыр.

Сонымен қатар әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда. Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 3,51%-ға арзандап, барреліне 72,85 долларға дейін түсті. WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері де 3,64%-ға төмендеп, 69,30 долларды құрады.

Еске салайық, Ұлттық банк 26 маусымға арналған ресми бағамды доллар үшін – 485,4 теңге, еуро үшін – 550,69 теңге, рубль үшін – 6,41 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін