Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,63 теңгеге төмендеп, 465,19 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге арзандап, 5,62 теңге болды.
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 69,02 теңгені құрады.
Айырбастау орындарында доллар 465-467 теңгеден, еуро 535-540 теңгеден, рубль 5,4-5,5 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
12 тамыздағы таңғы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсті. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,81%-ға қымбаттап, барреліне 89,63 доллар болды. Ал америкалық WTI мұнайының бағасы 0,85%-ға көтеріліп, барреліне 83,91 долларға жетті.
Бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 465,74 теңге, еуроны 537,23 теңге, рубльді 5,62 теңге деңгейінде белгіледі.
11 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 465,74 теңгені құраған еді.