Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,23 теңгеге төмендеп, 462,31 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,09 теңгеге арзандап, 5,34 теңгеге дейін түсті.
Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда-саттықта 0,25 теңгеге төмендеп, 68,85 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461,3-463,5 теңгеден, еуро 533,6-538,7 теңгеден, ал рубль 5,16-5,31 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
31 тамыздағы халықаралық сауда-саттықта мұнайдың негізгі маркалары қымбаттады.
ICE Futures электрондық сауда-саттығында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері 5,25%-ға өсіп, барреліне 90,64 доллар болды.
NYMEX электрондық сауда-саттығында WTI мұнайының қазан айына арналған фьючерстері 2,84%-ға қымбаттап, барреліне 85,77 долларға жетті.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 464,77 теңге, еуроны 541,36 теңге, рубльді 5,41 теңге деңгейінде белгіледі.
31 тамызда күннің алғашқы жартысында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.