Ұлттық қордан инвестициялық жобаларға 5 трлн теңге бөлінеді: Ұлттық банк төрағасы түсініктеме берді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 4 қыркүйектегі брифингте Ұлттық қордан бөлінетін қаражат оның тұрақтылығына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Ұлттық қордан 2027-2029 жылдары инфрақұрылымдық жобаларға 5 трлн теңге трансферт бөлу жоспарына байланысты инфляцияның жеделдеу қаупін Ұлттық банк қалай бағалайтынын сұрады.

Тимур Сүлейменов бұл шешімнің жаңа факторлардың бірі екенін атап өтті.

"Біз бұл бағдарламаны мұқият зерделеп, оның ықтимал әсерін модельдедік және бағаладық. Үш жылға 5 трлн теңге қарастырылған: 2027 жылы – 2 трлн теңге, 2028 және 2029 жылдары – 1,5 трлн теңгеден. Бұл қомақты сома болып көрінуі мүмкін. Алайда болжам бойынша еліміздің экономикасы 200 трлн теңгеден асады. Экономика көлемімен салыстырғанда, бұл аса үлкен көрсеткіш емес. Сондықтан оның айрықша жоғары инфляциялық әсері болады деп есептемейміз. Бұл факторды есепке алып, модельге енгіздік. Базалық мөлшерлеме жөніндегі бүгінгі және кейінгі шешімдердің барлығында ол толық ескеріледі", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, ең бастысы – бағдарламаның тиімді жүзеге асырылып, экономиканың әлеуетін арттыруы және қосылған құн қалыптастыруға ықпал етуі.

"Ұлттық қордан 5 трлн теңге бөлінгенімен, мұнай компаниялары қорға салық төлеуді жалғастырады. Біз басқарушы ретінде қаражатты инвестициялап, бағалы қағаздардан кіріс таба береміз. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2029 жылға қарай Ұлттық қордың активтері азаймайды, керісінше өседі. Яғни инфрақұрылымдық бағдарламаларға 5 трлн теңге салынғанына қарамастан, Ұлттық қор активтері көбейеді", – деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляция болжамына қандай факторлар әсер ететінін айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев