ForteBank Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін үздік банк атанды

Сурет: ForteBank
ForteBank Asian Banking & Finance Retail Banking Awards 2026 халықаралық сыйлығының SME Bank of the Year – Kazakhstan номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл марапат Банктің шағын және орта бизнесті қаржыландыруды дамытудағы және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімдігін кеңейтудегі жетістіктеріне берілген жоғары баға.

2026 жылы Forte кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмысты күшейте түсті. "Даму" қорымен ынтымақтастық аясында кредиттерге кепілдік беру лимиті 102,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл механизм тұрақты бизнес-моделі қалыптасқан және өсу әлеуеті бар компанияларға қаржат алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Банктің шағын және орта бизнеске арналған кредиттік портфелінің 72%-і өңірлік бизнеске тиесілі, ал бір кредиттің орташа мөлшері 202 млн теңге.

ForteBank кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистерді ді одан әрі дамытуда. Банкте құжаттарды онлайн беру және қол қою мүмкіндігі енгізіліп, кредит беру процесінің негізгі кезеңдері автоматтандырылды.

Бизнес бағытының қарқынды дамуына клиенттер сенімінің артуы да оң ықпал етіп отыр.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ForteBank-тегі заңды тұлғалардың депозит көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті.

Сонымен қатар Банк корпоративтік депозиттер көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі үш ЕДБ қатарына енді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №1.1.965.133 лицензиясы "ForteBank" АҚ-ға берілген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы