10 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы күрт төмендеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,82 теңгеге төмендеп, 450,79 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге арзандап, 5,30 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда-саттықта 0,69 теңгеге төмендеп, 67,61 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы – 447,8–450,6 теңге, еуро – 525,5–527 теңге, рубль – 5,15–5,27 теңге аралығында белгіленген.

10 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың құны 22 мамырдан бері алғаш рет барреліне 102 доллардан асты.

Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері алдыңғы сауда-саттықтың жабылуымен салыстырғанда 0,93%-ға қымбаттап, барреліне 102,15 долларға жетті.

Осы уақытта WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері де 0,93%-ға өсіп, барреліне 96,94 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 456,89 теңге, еуроны 531,36 теңге, рубльді 5,32 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 10 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз