22 қазандағы сауда: рубль қымбаттап, доллар арзандады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 22 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,36 теңгеге төмендеп, 447,94 теңге болды.

Ал Ресей рублі 0,04 теңгеге қымбаттап, 5,50 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 67,15 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында валютаны сатып алу және сату бағамдары мынадай:

22 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,87%-ға өсіп, барреліне 112,08 долларға жетті.

Қарашада жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,39%-ға көтеріліп, барреліне 99,92 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 448,61 теңге, еуроны 503,83 теңге, рубльді 5,48 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарының 22 қазанның бірінші жартысында шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды