Егер ПТР-тесті нәтижесі коронавирус жұқтырғаныңызды растаса, не істеу керек, қайда бару қажет? Бұл сауалға zakon.kz-ның жан-жақты әрі нақты жауабы әзір.
Коронавирустың белгілері
Коронавирус ауруының белгілері тұмауға ұқсас: дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуі немесе мүлде иіс сезбеу, бұлшықеттердің, буындардың ауруы, жүрек айнуы, құсу, диарея.
Егер бойыңыздан коронавирус белгілері байқалса не істеу керек
Егер өз бойыңыздан ЖРВИ белгілерін байқасаңыз, емханаға баруға асықпаңыз. Мұндайда колл-орталыққа не учаскелік дәрігерге қоңырау шалуыңыз, ол өз кезегінде Сізге бейне немесе аудио арқылы ақыл-кеңес береді. Қажет болған жағдайда, тіпті ем-дом да тағайындайды.
Егер, коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, оған сенсеңіз, сізді тексеру үшін мобильді топтың өзі үйіңізге келеді. Олар ПТР-тестке сынама алып, кеудеңізді тыңдап, өлшем жасайды. Сондай -ақ, дәрігерлер сізбен бір шаңырақ астында тұратын, ақыл-кеңесті қажет ететін жандарды (созылмалы аурулары бар және пневмонияның даму қаупі жоғары, қарттар, жүкті әйелдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер (42 күн) және емделетін балаларға), балаларды да қарайды.
Содан кейін мобильді топ сіздің жағдайыңыз туралы толық ақпаратты учаскелік дәрігерге береді. Ол Сіздің көрсеткіштеріңізге сәйкес, тегін дәрі-дәрмектер қорынан дәрі-дәрмек жазады. Сол қажетті дәрі-дәрмектерді медбике үйіңізге өзі әкеліп береді.
Егер дене қызуыңыз 38 градустан жоғары болса, әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел болса, онда "103" нөміріне хабарласуыңыз қажет. Жедел жәрдем дәрігерлері сізді тексеріп, ауруханаға жатқызу қажет болса, онда жұқпалы аурулар ауруханасына алып барады.
Егер, сіз ештеңені елемей, тұмау белгілерімен емханаға тікесінен тартсаңыз, онда бөлек кіретін жерден өтіп, сүзгі кабинетіне міндетті түрде барыңыз. Дәрігер өкпеңізді өлшеп, ПТР-тесті алады. Егер дәрігер сізден коронавирус белгілерін байқаса, жедел жәрдем келгенше оқшаулау бөлмесіне орналастырып, кейін жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызады.
Егер ауруханаға жатқызатындай, қажетті белгілер сізден анықталмаса, не істеу керек
Короновирус жұқтырсаңыз, кемінде 14 күн оқшаулау режимін сақтауыңыз керек: көшеге шықпаңыз, қонақ шақырмаңыз, бөлек бөлмеде болыңыз, басқа отбасы мүшелері сізден алшақ болғанда дәретханаға барыңыз, бетперде тағып оны күніне үш рет ауыстырыңыз, қолыңызды жиі жуып, дезинфекциялаушы құрал қолданғаныңыз абзал.
Оған қоса, тамақтанатын ыдыстарыңыз жеке болуы керек және тамақтанғаннан кейін құрамында хлоры бар тұрмыстық сұйықтықпен ыдысты жуу керек, ал ыдыс жуғыш машинада 90 градус температурада жуған дұрыс. Оқшау бөлмеде тамақтанған жөн. Қолыңыз не денеңіз тиген барлық жерді тазалап, өңдеу керек, мысалы үстел, су шүмегі, есік тұтқалары, компьютер пернетақталары, пульт және басқа заттар. Мүмкіндігінше бір реттік қолғап киіңіз және оны ауыстырып отырыңыз. Бетіңізді қолмен ұстамауға тырысыңыз. Егер мұрныңызды тазалау керек болса, оны бір рет қолданылатын орамалды пайдаланыңыз, кейін оны полиэтилен пакетке салып, басқа қоқыспен араластырмай тастаңыз. Бөлмелерді желдетіп, жиі қолданылатын заттарды күн сайын тазалаңыз және дезинфекциялаңыз.
Коронавирустың жеңіл түрімен ауырған жағдайда, арнайы шаралар қолданылмайды. Әртүрлі иммуностимуляторларды ішудің қажеті жоқ.
Спирттік ішімдік тұтынбаңыз. Ол иммунитетті түсіріп, ауруыңызды асқындыруы мүмкін.
Дәрігер телефон арқылы сіздің жағдайыңызды тексереді. Егер дене қызуыңыз жоғары болса (38 градустан жоғары), 500 мг парацетамолды тәулігіне 3-4 реттен ішуге кеңес беріледі. Дәрігердің рецептісіз басқа қызу түсіретін дәрілер қабылдамаңыз. Көп сұйықтық ішуге тырысыңыз. Сонымен қатар, суық тиюді емдеуге арналған мұрын тамшыларын, сондай-ақ тамақ ауруына қарсы кез-келген құралды қолдана аласыз.
Егер, бір шаңырақ астында басқа адамдар тұрса, бу ингаляторларын қолданбаған жөн. Бұл басқа отбасы мүшелерінің ауру жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін.
Егер, отбасы мүшесі сізден инфекция жұқтырса, учаскелік дәрігерге хабарласып, бұл жайынан құлақтандырыңыз.
Денсаулығыңызға байланысты өзіңіздің күнделікті көрсеткіштеріңізді мынандай чек-парақшаға толтырып отыру қажет. Егер ауру белгілерін нақты белгілеп отырсаңыз, онда ауруды оңай бақылап, тиімд емдеу шараларын белгілеуге ыңғайлы болады.
Егер денсаулық көрсеткіштері нашарласа, бұл туралы дәрігерге хабар беріңіз, ол әрі қарай емдеу тактикасын таңдап, өзіндік өзгеріс енгізеді. Дәрігер тәуекел факторларына байланысты (жасына, қатар жүретін аурулардың болуына: қант диабеті, гипертония, жүрек ауруы, өкпе ауруы, семіздік және т.б.) және аурудың даму динамикасына байланысты.
Науқаспен байланыстағылар деген кімдер?
Дәрігерлер науқаспен байланыстағыларды жақындары және ықтималды деп екіге бөледі.
Жақын байланыстағылар - бұл науқаспен бір жарым метрден аз қашықтықта 15 минуттан артық болған адамдар. Ықтималды байланыстағылар - бұл науқаспен бір бөлмеде 15 минуттан артық болған адамдар.
Жақын байланыстағылар тексеріліп, 14 күндік карантинге жатқызылады. Ықтимал байланыстағылар еркін қозғала алады, бірақ олардың денсаулық жағдайы бақылауға алынуы тиіс.
Егер үйдегі адам Covid-19 жұқтырса, отбасы мүшелері қандай ережелерді сақтау керек?
Дәрігерлер созылмалы аурумен ауырмайтын бір ғана сау адамның науқастың бөлмесіне кіруге кеңес береді. Ол аузы мен мұрнын жауып тұратын тығыз медициналық бетперде тағуы керек. Егер бетперде дымқылданып немесе ластанса, оны тез арада жаңасымен ауыстырған жөн. Ережеге сәйкес, қолын бетперденің беткі жағына тигізбей алу керек. Науқасқа қарайтын адам бір реттік қолғап киюі міндетті.
Карантинге жатқызылған адамның барлық киімі оның бөлмесіндегі арнайы сөмкеде сақталуы тиіс. Кейін киімдерді қарапайым жуғыш затпен жууға болады.
Егер үйде короновирус жұқтырғандар болса, отбасы мүшелері де карантинге жатқызылады. Олар дене қызуы күніне кемінде екі рет өлшеніп, бөлмесін жиі желдетіп отыру қажет. Күн сайын дымқыл шүберекпен тазалық жұмыстарын жүргізіп, қолды сабынмен жуып, кейін антисептикпен өңдеу керек. Әрбір отбасы мүшесінің жеке ыдысы мен жеке гигиеналық заттары болуы тиіс. Карантин кезінде үйге өзге адамдардың кіруіне рұқсат жоқ.
Егер отбасы мүшелерінің кез келгенінде дене қызуы немесе ауру белгілері болса, дереу КВИ бойынша байланыс орталығына хабарласып, не болмаса карантинге алу қажеттігі туралы хабарлап, жедел жәрдем көлігін шақырыңыз
ПТР тестті кімдер тегін тапсыра алады?
ПТР-тесті "эпидемиологиялық көрсеткіштер" мен "профилактикалық мақсатта" әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шегінде тегін тапсырылуы мүмкін.
ПТР-тесті сынағын зерттеу медициналық ұйымдардың немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің аумақтық бөлімшесінде жүргізіледі.
ПТР-тестілеу арқылы танылған эпидемиологиялық көрсеткіштерге мыналарға жатады:
- COVID-19 жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған адамдар;
- жедел респираторлық вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастар;
- коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы қағазы жоқ, науқаспен тығыз байланыста болғандар;
- респираторлық белгілері бар және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері.
Профилактикалық мақсатта ПТР-тестілеу мыналарға жатады:
- Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өткелдерімен кіретін азаматтар;
- Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес шетелден ұшақпен келетін адамдар;
- екпе төлқұжаты жоқ, әскери бөлімдерге келген, әскерге шақырылушылар мен жас әскерилер;
- екпе төлқұжаты жоқ, әскери бөлімнен босап шыққан, жедел әскери қызметтен кейін үйіне оралушылар;
- екпе төлқұжаты жоқ, жоспар бойынша ауруханаға жатқызылуы керек науқастар;
- екпе төлқұжаты жоқ, шұғыл ауруханаға жатқызылуы тиіс науқастар;
- екпе төлқұжаты жоқ, науқас баланы күту үшін ауруханаға жатқызылған адамдар;
- ауруханаға жатқызылғанға дейінгі жүкті әйелдер;
- екпе төлқұжаты жоқ, гемодиализдегі науқастар, айына бір рет;
- екпе төлқұжаты жоқ, тергеуде жүргендер, айыпталушылар, сотталғандар;
- екпе төлқұжаты жоқ, медициналық қызметкерлер, егер олар еңбек демалысына, іссапарға, ауруына және басқа себептерге байланысты бес немесе одан да көп күн жұмыс орнында болмаса;
- бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тиісті эпидемиологиялық көрсеткішке сай аумақтар;
- екпе төлқұжаты жоқ, медициналық ұйымдарда тәжірибеден өту алдында, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері.
Осы санаттарға кірмейтін азаматтар тестілеуден ақылы түрде өтеді.
Коронавирусқа қарсы екпе
Екпе ауруды емдемейді, бірақ оның дамуын бөгейді. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ.
Коронавирусқа қарсы вакциналардың әр түрі бар. Олар: QazVac, Sputnik V, CoronaVac, Hayat-Vax, Vero Cell (Sinopharm). Азаматтар осылардың бірін таңдай алады.