Диетолог энергетикалық сусындарды күнделікті тұтынудың ағзаға әсерін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Маманның айтуынша, энергетиктің құрамында ынталандыратын заттардың жоғары дозалары бар: кофеин, гуарана, женьшень, таурин дегендей. Мұндай сусындардың әсері үш-төрт сағатқа созылып, одан кейін өте қатты шаршау байқалады.
Энергетиктің күші кеткен соң, асып-тасыған күш-қуаттың орнын демде әлсіздік алмастырады. Ал, қуаттандырушы әсер, негізінен, дененің ішкі қорларының есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикті бір рет қана ішу қауіпсіз, бірақ оны күнделікті тұтынатын болсаңыз, мұның ақыры жүйке жүйесіндегі проблемаларға әкеліп соғады: депрессия мен күйгелектік, пессимизм бой көтереді, - дейді диетолог Ольга Кораблева РИА Новости-ге берген сұхбатында.
"Энергетиктер жүрек бұлшық етініне салмақ түсіреді, сондықтан оны кофеинмен, алкогольмен араластырмаңыз. Ауыр физикалық жұмыстан соң және спорттық жаттығулардан кейін қолдануға болмайды, - дейді дәрігер.
Энергетиктерді басы-көзіне қарамай, жөнсіз тұтыну қан қысымының жоғарылауына, бас сақинасының пайда болуына, жүрек ырғағының бұзылуына және асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеліп соғуы мүмкін. Газдалған сусынды көп мөлшерде ішу асқазанның қышқылдығын жоғарылатып, іштің кебуі мен диареяны тудыруы мүмкін, деп ескертеді маман.