Көлік тізгініндегі адамға қандай дәрі-дәрмектерді қабылдамаған дұрыс

Сурет: pixabay
Аспирин, күйзеліске, сондай-ақ аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер, асқазан ауырғанда ішетін дәрілік түйірлер адамның бағдарлау, бағамдау қабілетіне әсер етеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көлік рөліне отырмас бұрын тұтынуға болмайтын дәрі-дәрмектер тізімін ұсынды. 

Бағыт-бағдарды бағамдай білу, назардың айқындылығы - адам үшін көлік жүргізуде қажетті басты қабілет. Дегенмен осы қабілетті тежейтін, ұйқыны келтіретін бірқатар дәрі-дәрмек түрлері бар. Сондықтан құзырлы ведомство кез-келген дәрі-дәрмекті қолданар алдында дәрігермен кеңесіп, нұсқаулықты мұқият оқып шығу керектігін айтады. Көптеген нұсқауларда көлікті жүргізуге қатысты ұсыныстар бар. Егер препаратты өндіруші қолданғаннан кейін рульге отыруды ұсынбаса, онда сапардан бас тартқан дұрыс.

Аспирин, күйзеліске, аллергияға және асқазан проблемаларына қарсы дәрі-дәрмектер адам концентрациясына теріс әсер етіп, реакциясын тежейді. Сондай-ақ, бұл препараттар ұйқыны келтіреді, көру қабілеті мен назарға әсер етеді. Әсіресе, ұзақ сапарға шығар алдында бұл дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайды. Көптеген апат жүргізушілердің осындай ақпаратты назарынан тыс қалдыруынан туындап жатады. 

Кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында алкоголь мен психоактивті заттардың аздаған мөлшері болуы мүмкін. Ондайда жол полициясы тоқтатып тексерсе, оңбай сүрінесіз. "Масаң күйде рөлге отырды" деген айып тағылып жатса, таң қалмаймыз. Мұндай препараттарға мыналар жатады:


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады