Балық аулау үшін су айдынындағы мұздың қалыңдығы кемінде 7 сантиметрболуы керек. Дегенмен тәжірибелі балықшылар қауіпсіздігі жоғары мұз жамылғысы қалыптасқанша күтуге кеңес береді. Бұл туралы Ресейдің "Балықшылар комитеті" қоғамдық ұйымының төрағасы Михаил Акатьев 360.ru басылымына берген сұхбатында айтты.
"Қыста балықшының үстінде жабдық көп болатынын ескерсек, мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден асқан кезде ғана шығуға кеңес берер едім. Қалыңдығы 11–12 сантиметр мұз мені қысқы киіміммен еш қиындықсыз көтереді", – деді Акатьев.
Мұз жеткілікті берік болып көрінгеннің өзінде, тәуекелге бармай, оның одан әрі қатаюын күткен дұрыс.