Балықшыларға қыста мұз үстіне шығудың қауіпсіз қалыңдығы ескертілді

Қыста балық аулауға қауіпсіз деп саналатын мұз қалыңдығы аталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 10:45 Сурет: pexels
Алғашқы мұз қысқы балық аулау маусымын ашуға асықтырады. Алайда асығыстық қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балық аулау үшін су айдынындағы мұздың қалыңдығы кемінде 7 сантиметрболуы керек. Дегенмен тәжірибелі балықшылар қауіпсіздігі жоғары мұз жамылғысы қалыптасқанша күтуге кеңес береді. Бұл туралы Ресейдің "Балықшылар комитеті" қоғамдық ұйымының төрағасы Михаил Акатьев 360.ru басылымына берген сұхбатында айтты.

"Қыста балықшының үстінде жабдық көп болатынын ескерсек, мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден асқан кезде ғана шығуға кеңес берер едім. Қалыңдығы 11–12 сантиметр мұз мені қысқы киіміммен еш қиындықсыз көтереді", – деді Акатьев.

Мұз жеткілікті берік болып көрінгеннің өзінде, тәуекелге бармай, оның одан әрі қатаюын күткен дұрыс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: