Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады

Бесплатные катки, бесплатный каток, катание на коньках, ледовый каток, ледовые катки, новогодние катки, новогодний каток, каток, катки, зимние каникулы, новогодние праздники, зимний отдых, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 16:14 Фото: pexels
Алматы әкімдігі бүгін, 2025 жылғы 19 желтоқсанда қысқы ойын-сауық орындары жайлы айтып берді. Белгілі болғандай, оңтүстік мегаполисте 20-дан астам мұз айдыны бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, оның 11-і – әлеуметтік мұз айдындары, олар қаланың барлық ауданында орналасқан. Ал, қалған 9-ы сауда орталықтары мен спорт кешендері жанынан ашылған жекеменшік мұз айдындары.

Қазіргі таңда әлеуметтік мұз айдындарының сегізі келушілерді қабылдап үлгерді, ал өзгелері алдағы күндері ашылады.

Бүгінде келесі мекенжайлардағы мұз айдындары жұмыс істеп тұр:

  • Алатау ауданы – "Алматы Арена" мұз сарайы
  • Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы
  • Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент қорының саябағы (Ганди көшесі)
  • Медеу ауданы – Республика сарайы
  • Медеу ауданы – "Халық Арена" мұз сарайы
  • Медеу ауданы – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
  • Жетісу ауданы – "Гүлдер" саябағы
  • Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы

Жуырда ашылатын мұз айдындары:

  • Наурызбай ауданы – әкімдік аумағы
  • Түрксіб ауданы – "Авиатор" стадионы

Бұған дейін Қазақстандық медицина қызметкерлерін сертификаттау жүйесін жетілдіру көзделіп отырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: