Қарағанды облысында мұз жарылып, отбасылы жұп көлігімен бірге өзенге батқан
Сурет: pexels
10 ақпанда Қарағанды облысының ТЖД пультіне Абай ауданының Топар елдімекенінде балық аулау кезінде мұз жарылып, отбасылы көлігімен өзенге түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Zakon.kz аталған оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
Белгілі болғандай, 69 жастағы ер адам көліктен өздігінен шығып үлгерген. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Көлікте күйеуімен бірген болған 64 жастағы әйелді іздестіру-құтқару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.мен 1962 жылы туған жұбайы болған
"Бүгін, 11 ақпанда таңертең Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері әйелдің денесін автокөлік батқан жерден шамамен төрт метр қашықтықтан тапты. Аталған аумақтағы су тереңдігі шамамен жеті метр болған", делінген хабарламада.
Өңірлік ТЖД мамандары мұз үстіне автокөлікпен шығуға қатаң тыйым салынатынын тағы да еске салады. Су айдындарының қатқан беті көлік қозғалысына арналмаған әрі қауіпсіздікке кепілдік бермейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript