"Жантүршігерлік кадр". Қарағанды облысында жоғалып кеткен бір үйір жылқы мұз астынан табылды

Жылқы, мұзда қату, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 17:57 Сурет: видеодан алынды
Қарағанды облысында жоғалып кеткен 47 бас жылқы мұз астынан табылды. Мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен жылқылар сол күйі жағаға шыға алмай жаппай қырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция мәліметінше, Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары өздеріне тиесілі малдың жоғалғаны туралы арызданды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды.

"Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктерімен және атпен аралады. Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылар анықталды. Көлдердің бірінен 47 жылқы өлі табылды. Жануарлардың иелері өз малдарын таныды. Алдын ала болжам бойынша түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Малдың қараусыз жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: