Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар қайда демалады

Ресейге жолға шыққандар билетті бірден екі аптаға алатын көрінеді

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай берілетін демалыс күндерін пайдаланып, шетелге саяхатқа кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Aviasales.kz мереке қарсаңында авиабилеттердің сатылымы 31%-ға артатынын мәлімдеді. Қазақстандықтардың көбі Ресей, Түркия, БАӘ-не барады екен.

Бәрінен бұрын БАӘ-не баратындардың саны көбейіп, 34 пайызға артқан. Жерлестеріміз ол жаққа ұзақ уақытқа емес, орта есеппен 4-5 күнге ғана барып қайтады. Екі ел арасындағы бір адамға бір жақты билеттің орташа құны – 97 011 теңге.

Ал кейбір отандастарымыз ыстық Дубайдан гөрі, Стамбұлға барғанды дұрыс көреді екен. 16 желтоқсанда түріктің тарихи қаласына ұшатындар 17 пайызға артыпты. Ал ол жақта жерлестеріміз бір аптадай уақыт өткізеді. Стамбұлға дейінгі билет құны – 91 421 теңге.

Ал Ресейге жолға шыққандар билетті бірден екі аптаға алатын көрінеді, олар елге Жаңа жыл қарсаңында ғана оралмақ. Қазақстандықтар көбіне Мәскеу, Санкт-Петербург пен Новосибирск қалаларына сапарлайды. Ресейге дейін бір адамға кететін жол құны шамамен – 87 499 теңге.

Соңғы айлармен салыстырғанда, ел ішіндегі жол сапарлар 42%-ға арта түскен. Қазақстандықтар көбінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Атырау қалаларына барады. Көбі 16 желтоқсанда барып, 19 желтоқсанда қайту билеттерін алған. Дегенмен осы мереке күндері билеттер 7%-ға қымбаттады, ішкі рейстердегі билеттің орташа бағасы 23 408 теңге болып тұр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: