Табиғи байлыққа деген осындай көзқараспен бұдан ары қалай барамыз? Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан Қайыңды көлі өзінің сұлулығымен әрі адам аяғы көп баспайтын табиғатымен әйгілі. Бірақ соңғы уақытта көлге келушілер саны артты (...). Ондағы ғасыр жасаған жауһарлардан айырылмай тұрғанда табиғи саябақты жауып тастаған дұрыс секілді. Көлге төніп тұрған шыршалар өз сұлулығымен әлемнің барлық туристерін осында тартады. Құрметті Мадина, Фаина, Манара, Тима, Айсұлу, Диана, тарихқа өз есімдеріңізді қалдырудың басқа жолдары бар, соны естеріңізге салғымыз келеді!Қазақстандық Альпі клубының өкілдері
Қоғам өкілдері мен желіні пайдаланушылар бұл жайтқа өз наразылықтарын білдіріп, тәртіп бұзушыларды тезірек тауып, жауапкершілікке тартуды талап етеді.
Zakon.kz редакциясы да бұл жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты.