Нұр-Сұлтанда әуежайдан вокзалға дейін арнайы автобустар қатынайтын болады

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласында әуежайдан вокзалға жолаушыларды апаратын арнайы автобус рейсі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайы жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты, жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келіп, теміржол арқылы Алматыға жетіп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС жолаушыларды коменданттық сағат кезінде әуежайдан вокзалға жеткізу мақсатында арнайы автобус рейстерін іске қосты. Арнайы рейстер кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен жүріп тұрады. City Transportation Systems баспасөз қызметі

CTS компаниясының мәліметінше, автобус құны тарифке сәйкес 90 теңгені құрайды.

Аталған шара Алматы қаласы әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін, уақытша қолға алынып отыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді